Тапшылық көрді

lat: Tapshylyq kórdi

Кемістік көрді, жоқшылыққа ұшырады. Алғашқы жүйелі оқуды рабфагынан алған, жастық шағымның ішінде өткізген Орынборға аңсап барсам, қанаушы тапты жою науқаны бізден бұрынырақ басталып, қалалық маңдағы науқанға қарсылық ретінде базарға азық-түлік түсірмей, ас-су жағынан Орынбор қатты т а п ш ы л ы қ к ө р і п тұр екен (С.Мұқанов, Шығ.). Факті жағынан т а п ш ы л ы қ к ө р і п қалатын кезіміз болады (Ж.Алтайбаев, Сыпырғыш). Кәсіпорынның кейбір жабдықтардан, шикізаттардан т а п ш ы л ы қ к ө р г е н уақыттары да болды («Соц. Қаз.»).